Ceresit CF 56 Өнеркәсіптік едендерге арналған топинг

Түйінді фактілер

Өнеркәсіптік едендерге арналған нығайтқыш полимерцемент жабын-топинг

Қасиеттері

  • жоғары беріктік
  • желінуі төмен
  • майларға төзімділігі жоғары
  • соққыға жоғары төзімділік

Сипаттамасы

Ceresit CF 56 – жоғары белсенді цемент, фракцияланған кварц толтырғыштары, түрлендіргіш үстемелер, пигменттер негізіндегі қолдануға дайын құрғақ қоспа. Ceresit CF 56 қоймаларда, гараждарда, өндірістік орынжайларда, авиациялық ангарларда, гидроэлектрстанцияларда, жол жабындарында және т.б. елеулі механикалық жүктемелерге шалдыққан монолитті өнеркәсіптік едендерді орнату үшін қолданылады.

Құжаттар мен жүктеулер

Қадамдық нұсқаулық

Бірінші қабатты жағу

Нығайтқыш-топингті жағу арнайы мөлшерлегіш арбалар көмегімен немесе қолмен орындалады. Аяқ киімнен бетте қалған іздердің тереңдігі 3-4 мм-ден аспайтындай бетон соншалықты   қатқан кезде, Ceresit CF 56 қоспасының 2/3 көлемін бетонның бетіне біркелкі шашуға болады. Шашылған құрғақ қоспа негізден ылғалды сіңіріп және беркелкі ылғалданған бетті құрып қарайғанымен, оны ысқылау қажет. Бұл үшін тұтас болат дискілері бар ысқылағыш машиналар қолданылу мүмкін, бірақ бұл ретте бетон негіздің тығыздығы және машиналардың дірілдеуіне төзімділігі жеткілікті болғанына көз жеткізу қажет, себебі бұл су бөлінуіне және беттің тым ылғалдануына келтіру мүмкін.

Екінші қабатты жағу

Жабын-топингтің бірінші қабатын ысқылап болғаннан кейін бірден құрғақ қоспаның қалған 1/3 көлемін бірінші қабатты салғанға перпендикуляр бағытта құю процесін бастау керек. Материал қарайғанымен беттегі ылғалды толығымен таратып  бетті ысқылағыш машинаның көмегімен ысқылаңыз. Күрделі жағдайларда төсеген кезде, бірінші қабатты құю құрғақ қоспаның бек жартысын алып жүзеге асырылуға тиіс. Сосын екі бөлек қабат құйылады, әрқайсысы көлемнің қалған жартысын бір-біріне тік бұрышпен пайдаланып салынады.

Учаскелердің шеттері

Учаскелердің шеттеріне және бұрыштарына айрықша сақтық пен назар аудару керек, себебі олар елеулі қажалуға және тозуға шалдыққан. Учаскелердің шеттерін әдетте мына тәсілдердің біреумен нығайтады:

1.    Бірден жаңа бетонды тегістегеннен кейін құрғақ қоспаны 5 кг/м2 есебінен ені 10 см жолақтармен учаскелердің шеттері бойымен (яғни қума метрге 0,5 кг) қолмен салыңыз.

2.    Бірден жаңа бетонды тегістегеннен кейін шетінен тереңдігі 10 мм бетон қабатын жойыңыз. Содан кейін Ceresit CF 56 қатты ерітіндісін таза сумен араластырып салыңыз. Ерітіндіні негіз бетонымен толық біріктірілгенге дейін тығыздау керек.

Осылайша күшейтілген учаскелер әрі қарай финиш қабатын ысқылау барысында нығайтылатын болады.