Бірінші қабатты жағу
Нығайтқыш-топингті жағу арнайы мөлшерлегіш арбалар көмегімен немесе қолмен орындалады. Аяқ киімнен бетте қалған іздердің тереңдігі 3-4 мм-ден аспайтындай бетон соншалықты қатқан кезде, Ceresit CF 56-Е қоспасының 2/3 көлемін бетонның бетіне біркелкі шашуға болады. Шашылған құрғақ қоспа негізден ылғалды сіңіріп және беркелкі ылғалданған бетті құрып қарайғанымен, оны ысқылау қажет. Бұл үшін тұтас болат дискілері бар ысқылағыш машиналар қолданылу мүмкін, бірақ бұл ретте бетон негіздің тығыздығы және машиналардың дірілдеуіне төзімділігі жеткілікті болғанына көз жеткізу қажет, себебі бұл су бөлінуіне және беттің тым ылғалдануына келтіру мүмкін.