Ceresit CD 22 ірі түйіршікті қалпына келтіру-жөндеу қоспасы

Түйінді фактілер

Жөндеу-қалпына келтіру қоспасы зақымдану тереңдігі 30–100 мм бетон және темірбетон конструкцияларды жөндеуге арналған ерітінді қоспасы

Қасиеттері

  • жарыққа төзімді
  • жылдам қатаятын
  • жоғары төзімді
  • гидрофобты
  • бу өткізбейтін
  • суға төзімді
  • аязға төзімді
  • мұздан еріткіш тұздардың әсеріне төзімді
  • негізге жоғары жабысқақтық
  • қолдануы ыңғайлы және оңай

Сипаттамасы

Ceresit СD 22 қоспасы бетон және темірбетон негіздерді, оның ішінде РСС 1, РСС II және РСС III жүктемелерінің әсеріне шалдыққан көлік құрылысы объектілерін жөндеуге және қалпына келтіруге арналған. Қабат қалыңдығы 30-100 мм темірбетон және бетон негіздердің бетінде сынықтарды, қуыстарды, шұңғылшаларды, кедір-бұдырларды және басқа ақауларды жөндеу кезінде тиімді. Жеңіл бетоннан тұратын негіздерді тегістеу және жөндеу үшін қолданбаңыз. Ceresit СD 22 Ceresit ПЦБ бетонын қалпына келтіру және қорғау жүйесінің құрамдас элементі болып табылады. Бетон және темірбетон конструкциялардың механикалық жүктемелердің және жемірілу процестерінің әсерінен ұзақ мерзімді пайдаланудан немесе бұзылыстардан туындаған кешенді жөндеулерді орындау кезінде қолданылады - монолитті каркас конструкциялар, тіреу қабырғалар, резервуарлар (оның ішінде сарқынды суларға арналған), монолиттік конструкциялар (оның ішінде бассейндер), рампалар, пандустар, бағаналар, балкондар және т.б.

Құжаттар мен жүктеулер

Қадамдық нұсқаулық

Негізді дайындау

Ceresit CD 22 көтергіш таза бетон негіздерге жарықтарсыз және жабысулықты төмендететін қандай да бір азттарсыз жабысады. Негіздің жеткілікті қысымға беріктігі (бетон класы С12/15 жоғары) және үзілуге беріктігі кем дегенде 1,0 МПа болу керек. Бетонды, сіңген және карбондалған бетонды және барлық әлсіз элементтерді жақсылап кетіру керек. Кез келген дақтарды, цемент жуылуының қабаттарын, жабысулыққа қарсы агенттерді, ескі ерітінділерді мехникалық әдіспен жою керек. Бетонның беті бұдыр және кеуек болуға тиіс, ол жақсы жабысулықты қамтамасыз ету керек. Негізді механикалық әдіспен дайындау керек, мысалы, құм ағынды өндеумен, кертумен немесе ажарлаумен.

Арматуралау

Коррозияланған арматуралық өзектерді бетон тіреуден коррозия тимеген жерге дейін жою керек. Тотты арматурадан құм ағынды өңдеумен Sa 2,5 тазалық деңгейіне дейін, олар жарқын металл жарқырау алғанша жойыңыз, ал сосын оларды қысылған ауамен, майсыз тазартыңыз. Сосын арматуралық өзектерді екі рет CD 30 коррозияға қарсы бояумен жабыңыз, және барлық қуыстарды Ceresit CD 25 немесе CD 26 жөндеу ерітіндісімен толтырыңыз. CD 24 толтырғышын CD 25 немесе CD 26 жөндеу ерітіндісіне жаққан жағдайда ерітінділерді беттің сәл ылғалдағанына дейін сумен тозаңдатыңыз. Толтырғышты тікелей бетон төсемдеріне жаққан жағдайда оларды алдымен шалшықтар жасамай сумен себу керек, және сосын сәл ылғалды негізге Ceresit CD 30 байланыс жабындысын жағу керек. Толтырғышты сәл ылғалды байланыс қабатқа, дегенмен, 30-60 минуттан кешікпей жағыңыз. Осы уақыт өтіп кеткен жағдайда байланыс қабатын алдағы қабаттың толық кепкенінен кейін тағы бір рет жағу керек.