CT 21 блоктарды қалауға арналған ерітіндісі / тез кебетін ерітіндісі

Түйінді фактілер

Газбетон немесе құмдақтан жасалған блоктарды қалауға арналған жұқақабатты ерітінді

Қасиеттері

  • Ашық ұсталымның ұзақ уақыты
  • Судан оқшаулау
  • Аязға төзімділік
  • Тұрақты көлем
  • Қолдану оңайлығы
  • Талап етілетін көлемі: шамамен 1.3 кг/м2 қабаттың қалыңдығы 1 мм бастап болған кезде

Сипаттамасы

Газбетон немесе құмдақтан тұратын блоктарды және тақталарды тіркеу үшін ені 1-ден 3 мм дейін жапсарларыбар жұқа қабат әдісі қолданылады. Ішкі және сыртқы қабырғалар үшін. Гезбетон блоктарын қалау үшін (G2, G4 және G6 маркалары). Құмдақтан тұратын блоктарды және тақталарды үйкеп тегістеу үшін (үй-жайлар ішінде).

Құжаттар мен жүктеулер

Қадамдық нұсқаулық

Негізді дайындау

СТ 21 құрамында жабысулықты нашарлата алатын заттар жоқ барлық қатты, жүк көтеретін және таза негіздерге жағылады. Газбетон блоктарының және құмдақ-әк кірпіштерінде дөрекі кеуекті беті болу керек.

Қолдану

СТ 21 таза, мөлдір суға салыңыз да түйірлер толығымен жоқ болғанша араластырыңыз. Келесі араластыру коэффициентін орындаңыз: Су көлемінің 1 бөлігі ерітінді көлемінің шамамен 2,5 бөлігіне немесе шамамен 7,4 л су 25 кг СТ 21 ерітіндісіне. СТ 21 шамамен 4 сағаттың ішінде пайдалануға болады. Ерітіндіні тісті қалақша, әндеме  немесе тісті үлестіргіш көмегімен керту әдісімен жағыңыз. Ашық ұсталым уақытын сақтаңыз - 10 минут. Блоктардың тұрсын қалағаннан кейін шамамен 5 минут ішінде реттеуге болады.