Негізді дайындау
CM 115 құрамында жабысулықты нашарлата алатын заттар жоқ кез келген таза, берік, жүк көтеретін, біркелкі, құрғақ және ылғалды негіздерге жағылады. Тегіс емес учаскелерді немесе қуыстарды алдын ала тегістеу қажет (Еденге және ішкі әрлеуге арналған Ceresit фиништік қоспалары қараңыз). Жүк көтеретін қабілеті жеткіліксіз жабындарды жою қажет. Гипс/ангидрид немесе лак бояу жабындары (борсыз, жабысулығы жақсы) механикалық өңделген және шаңнан тазартылған болуға тиіс.
CM 115 желімін жағар алдында түптөсемнің қалдық ылғалдылығын тексеріңіз! Адсорбциялайтын негіздерді Ceresit астарымен астарлау қажет.
Өтінеміз, техникалық төлқұжатпен танысыңыз!