Ceresit CT 17 - Көрінбейтін күш

Неге дәл осы Ceresit CT17?

ШАҢДЫ БАЙЛАЙДЫ

Байланбаған шаң келесі қабаттың жабысқақтығын айтарлықтай төмендететін бөлгіш агент болып табылады, бұл жарықтардың пайда болуына және жабынның бөлінуіне әкеп соғады. Шаңды шаңсорғышпен жою қажет, ал оның қалдықтары астармен жақсы байланысып, жабынның келесі қабаттары үшін беттің жабысқақтығын арттырады.

ТЕРЕҢ ЕНЕДІ

Астардың ерекше формуласы төсеніштің түбіне қарай тиімді енуін қамтамасыз етеді және бетті нығайта отырып ұсақ кеуектерді жабады.

ЫЛҒАЛ СІҢУІН ТӨМЕНДЕТЕДІ

Бетті астарлау жабынның кейінгі қабатынан ылғалдың сіңуін төмендетеді, және осының арқасында біз мына артықшылықтарға ие боламыз: төсеніштің барлық учаскелерде біркелкі жабысқақтық, тең жағдайларда кейінгі жабындардың кебуі, желімнің келесі қабаттарын, жабу қабатын және т.б. оңай жағу, кейінгі қабаттардың жылдам кебуі және жарықтар мен қатпарланудың пайда болу қатерін төмендету, желімнің кейінгі қабаттарын, сылақты, жабу қабатын үнемді жағу және т.б.

Ceresit CT17 қолданғанға дейін және одан кейін

Бетті күшейту

Шаңды байлау

Келесі қабатты жарылудан немесе қатпарланудан қорғау

Сіңіргіштікті төмендету

Ceresit Primer CT17 қолдануына қараңыз

Пример областей применения Ceresit CT17

Как применять?

Астары бар канистраны шайқаңыз

Астарды төсенішке қылқаламмен немесе білікшемен жағыңыз

Қабаттың толық кепкенінше 2 сағат күтіңіз

Егер сіз керамикалық тақтайшаны цемент немесе цемент-әк төсенішке салсаңыз, жұмысты астарды жаққаннан кейін тіпті 15 минут өткенде жалғастыруға болады.

CT 17 PROFI -Терең енетін, жылдам кебетін астар



Барлық сіңіретін төсеніштерде бетті күшейтуге арналған формула.

Қасиеттері:

  • барлық сіңіргіш беттер үшін жарамды
  • төсеніштің бетін күшейтеді
  • сіңіргіштікті төмендетеді
  • төсеніштің жабысқақтығын жақсартады
  • керамикалық тақтайшаны цемент немесе цемент-әк бетке жаққаннан кейін тіпті 15 минут өткенде төсеуге мүмкіндік береді
  • сары түс жұмыстардың кезеңдерін бақылауға мүмкіндік береді
  • бу өткізеді
  • ЕС1 шығаруы ең төмен
  • жабынның кейінгі қабаттарын, мысалы, желімді, толтырғыштарды, еден жабынын, тегістегішті жағуды жеңілдетеді

Сипаттамасы:
Ceresit CT17 Profi астары ғимараттардың ішіндегі және сыртындағы төсеніштерді (қабырғаларды, едендерді, төбелерді) керамикалық тақтайшаны төсеу, едендерді құю, едендер гидрооқшаулағышын төсеу, тұсқағаздарды желімдеу, тегістегішті жағу алдында, бояу немесе термооқшаулағышты төсеу алдында бастапқы өңдеу үшін жасалған. Астардың құрамында еріткіштер жоқ. Ceresit CT17 Profi өңделген беттер (сылақтың, бетонның, тұтастырғыштардың, едендерді жылыту жүйелердің барлық түрлері) төмен сіңіршітікпен сипатталады, бұл жабысқақ ерітінділердің, едендік жабындардың, сылақтар мен бояулардың жылдам кебуін болдырмайды.