Ceresit CT 80 Көбікполистирол және минералмақта тақталарға арналған сылақ-желім қоспасы

Түйінді фактілер

Көбікполистирол және минералмақта тақталарға арналған сылақ-желім қоспасы

Қасиеттері

  • әмбебап (көбікполистирол және минералмақта тақталарына арналған);
  • эластификатталған;
  • бу өткізбейтін;
  • атмосфералық әсерлерге төзімді;
  • жылытқыштың минералдық негіздеріне және тақталарына жоғары жабысулығы бар;
  • сырғып түсуге төзімді;
  • экологиялық қауіпсіз

Сипаттамасы

Ceresit CT 80 ерітіндісі ғимараттардың сыртқы қабырғаларын Қасбеттерді сыртқы жылу оқшаулау жүйесі бойынша минерал мақтадан тұратын қасбеттік тақталарды, сондай-ақ желімделген панельдерді қолдануымен термооқшаулау үшін арналған. Ол Ceresit (ETICS) оқшаулау жүйесінің элементі болып табылады. СТ 80 ерітіндісі жаңадан салынған нысандарды, сонымен қатар термооқшаулауға жататын ғимараттарды оқшаулау үшін минерал мақтадан тұратын қасбеттік тақталарды бекіту және негізгі қабатты жағу үшін қолданылады.

Құжаттар мен жүктеулер

Қадамдық нұсқаулық

СТ 80 суық таз судың өлшенген көлеміне салыңыз және саптамасы бар бұрғымен түйіршіктерсіз бертекті қоспа шыққанға дейін араластырыңыз.

(1) Жылуоқшаулағыш тақталарды бекіту: Дайын ерітінді қалақшамен тақтаның шеті бойынша ені 3-4 см жолақпен және диаметрі шамамен 8 см бірнеше дақтармен жағылады.  Тақтаны қабырғаға ұзын үккішпен бірнеше рет жеңіл соққы жасап бірден қысыңыз. Тақталар бір біріне бір бетте тығыз бекітіледі, бұл ретте тік қалаудың "кірпіштік реті" сақталады. Толық кепкенше 3 күн ұстаңыз.(2) Негізгі қабатты жағу: Дайын ерітінді ұзын болат үккішпен тақтаның беті бойымен қалыңдығы 3-4 см қабатпен үлестіріледі..  Шыныталшықты тор жаңа дайындалған ерітіндіге салынады (10-сантиметрлік айқассалынмен), ал сосын ені 1-2 см екінші қабат салынады және шыныталшықтан тұратын тор ерітіндіде толық көрінбеу үшін біркелкі тегістеледі.