Қаптаманың ішіндегісін жақсылап араластырыңыз. Тот басқан контейнерлерді немесе аспаптарды пайдалануға болмайды.
Бояуды сұйылтпаңыз! СТ 16 бір тегіс қабатын аунақшамен немесе қылқаламмен жағуы ұсынылады. Кебу уақыты шамамен 3 сағат құрайды. Аспаптарды және жаңа дақтарды сумен жуыңыз.
СТ 16 астар бояуы
Түйінді фактілер
Негіздерді жұқа қабатты силикат сылақтары, бітеуіштер және лак-бояу жабындары астына астарлауға арналған синтетикалық шайырлардан тұратын эмульсия
Қасиеттері
- Сылақты жағы оңайлығы
- Сылақтың төсемге одан да жоғары жабысулығы
- Су өткізбеушілігі
- Өте жақсы жабу
- Білікшемен немесе шөткемен жағылады
- Қолдануға дайын
Сипаттамасы
Ceresit CT 16 жұқа қабатты силикат сылақтарын және негізгі ерітіндіні ғимараттардың ішінде және сыртында жағуын жеңілдетеді. Ол Қасбеттерді сыртқы жылу оқшаулау жүйесінің - Ceresit Ceretherm ETICS -арматураланған қабаттарын және дәстүрлі сылақтарын астарлау үшін ұсынылады. СТ 16 бояуын ағаш-жоңқалы тақталардың, гипс-картонның, гипс сылақтарының, бетонның барлық түрлерінің және қанық лак-бояу жабындарының бетіне жағуға болады. Негізді СТ 16 бояуымен астарлау адсорбцияны айтарлықтай азайтады, бұл жағылған материалдардың тым тез кеюуін болдырмайды. СТ 16 құрамына кірген майда толтырғыштар дөрекі беттерді берік әрі сызаттарға төзімді қылады. Беттің кеңеюіне қарай сылақтың, бітеуіштердің және бояулардың жабысулығы ұлғаяды. Бұл өнімнің күшті қорғаушы қасиеттері бар және ол негізді одан да біртекті етеді, бұл ретте түрлі түсті силикат сылақтарында дақтардың пайда болуын алдын алады.