Ceresit UK 400 әмбебап желімі

Түйінді фактілер

ПВХ, винилден, линолеумнен және серпімді жабындылардан тұратын едендік жабындыларға арналған әмбебап желім

Қасиеттері

  • Еріткіштерсіз
  • Тамаша өңделулік
  • Жоғары бастапқы ұсталу және әрекет етуінің узақ уақыты
  • Жылытуы бар едендерде қолдану үшін келеді.

Сипаттамасы

UK 400 желімін сипаттағанда "әмбебап" және "арнайы" терминдері қайшылықтар болып табылмайды, себебі өнім бір уақытта әмбебап болып, бірақ дәл сол уақытта тиісті қолдану саласында тар шеңберде мамандандырылған болып табылады. Тек UK 400 бір банкасы ғана тоқыма және созылғыш едендік жабындылардың барлық дерлік стандартты төсемдер үшін жеткілікті. Ол машинада көп орын алмайды және, ең маңыздысы, дұрыссыз желімді таңдау қатерін жоқ қылады. Осы функциялар UK 400 үшін көптеген жылдар бойы көптеген табынушыларын тартты.

 Ең соңғы жаңарту және формуланы қайта қарау нәтижесінде желімнің енді одан да жоғары бастапқы байлануы болады. UK 400 соңғы буыны одан да ұзақ және. соның салдарынан, оңтайлы әрекет ету уақытын ұсынады. Бұл едендік жабындыларға арналған желімді үлкен аудан еденді өңдеуін қажет ететін ірі құрылыс жобалары үшін мінсіз таңдау етеді.

UK 400 желімін біртекті ПВХ-жабындысын (табақтар және тақташалар), ПВХ тұратын сәндік жабындыны, тоқыма негізі бар ПВХ тұратын композиттік едендік жабындарды, винил едендік жыбындысын, сондай-ақ тоқыма негізі бар кілем жабындысын, линолеумді және тақташаны және кішкене жүктеме шартымен жеке үй-жайларда ПВХ тұратын едендік жабындыны желімдеу үшін қолдануға болады. Бұдан басқа, UK 400 желімін абсорбциялайтын төсемдердегі Ceresit Floor® қабаташаларымен құрамдастыруға болады.

ПВХ-дан тұратын едендік жабындылар

 ПВХ-дан тұратын созылғыш едендік жабындының астына қолданған кезде желім тістерінің мөлшері А2 қалақшамен жағылады. Сіңіргіш негіздерде ашық ұсталым уақыты ішінде төсеммен қанша жабуға болады, сонша желімді жағыңыз (желім әлі ылғалды болғанша).

Булану уақыты өткен кезде - шамамен 15 минут - немесе саусақпен тексергеннен кейін төсемді ылғалды желімге орналастырыңыз. Ауа қуыстарын болдырмау үшін сақ болыңыз, және негізге жақсы жабысуын қамтамасыз ету үшін еденді мұқият сүртіп алыңыз.

Осыдан кейін төсем бетте тегіс, тартылмай, жатуға тиіс. Әлде едендерді тиісті орындарда тегістеу үшін ауырлықты пайдаланыңыз. Жапсарларда шамадан тыс кернеуден бас тартыңыз. Жаңа салынған едендік жабындыны ылғалдың көп көлемінің әсеріне, мысалы, ылғалды тазартуға щалдықпаңыз. Сонымен қатар учаскені тікелей күн жарығынан қорғаңыз, әсіресе қатаю кезеңінде. Жабындыны салғаннан кейін 24 сағаттан кейін жапсарларды герметтеуге немесе пісіруге болады.

Тоқыма едендік жабындылар

 Негіздің құрылымына қарай желім В1 немесе В2 тісті қалақшасымен жағылады. Булану уақыты өткеннен кейін - 10-15 минут - тоқыма жабындыны ылғалды желімге төсеуге болады. Жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету үшін, ауа қуыстарынан баст тарту өте маңызды. Сондықтан жабындының бүкіл бетін сүртіп шығыңыз. Жабынжыны қатты тартып төсеген кезде бірнеше уақыттан кейін жабындының жапсарларын және шеттерін ауаны кетіру үшін қайтадан сүртіп шығу қажет.

Құжаттар мен жүктеулер

Қадамдық нұсқаулық

Негізді дайындау

Негіздер таза, құрылымдық ақауларсыз, қатты, құрғақ және жабысулықты нашарлататын заттардан бос болуға тиіс. Негізді механикалық өңдеуден кейін (мысалы, ажарлау / шаңсорғышпен тазарту) оны едендік жабындыны төсеуге дайындап тиісті астармен және тегістеуіш қоспалармен астарлаңыз.

Қолдану

Желімді жақсылап араластырыңыз және оны негізге тиісті тісті қалақшамен біркелкі жағыңыз.
Өнімді қолдану туралы толығырақ ақпаратты Техникалық төлқұжатта қараңыз.