Ceresit CN 173 Жоғары төзімді өздігінен тегістелетін қоспа

Түйінді фактілер

Тез қататын өздігінен тегістелетін еден (5-тен 70 мм дейін)

Қасиеттері

  • отырмайтын;
  • осал негіздерде қолданыла алады;
  • жарылуға төзімді;
  • технологиялық өту 6 сағаттан ерте болмау керек;
  • механикаландырылған жағу үшін жарамды;
  • жылытуы бар тұтастырғыштарда қолданыла алады;
  • тек ішкі жұмыстар үшін жарамды;
  • экологиялық қауіпсіз.

Сипаттамасы

CN 173 өздігінен тегістелетін қоспасы керамикалық тақтайшалар, линолеум, ковролин, ламинат және т.б. едендік жабындылар төселетін еденнің бетон, цемент-құм, ангидрит және гипс негіздерін тегістеу үшін, сондай-ақ механикалық жүктемелері төмен құрғақ орынжайларда (тұрғын, тұрмыстық, әкімшілік және т.б.) негізге байланысты тұтастырғыштарды дайындау және жөндеу үшін арналған.

Қолмен де, механикаландырылған жағу үшін де жарамды. Бір рет өтіп қоспаны қалыңдығы 5-70 мм қабатпен жағуға болады.

Құжаттар мен жүктеулер

Қадамдық нұсқаулық

Негіздер таза, жарықтарсыз, тығыз, құрғақ, болуға тиіс және оның құрамында жабысулықты нашарлата алатын заттар болмауға тиісі және олар қолданыстағы жергілікті стандарттарға сәйкес болуға тиіс.

CN 173 таза сумен араластырыңыз (көлемі: Техникалық ақпаратты қараңыз). Электр бұрғы-миксердің көмегімен жылдамдығы шамамен 600 айн/мин кезінде түйірсіз қоспа шыққанға дейін араластырыңыз.

Тегістеуіш құрамды еденге құйыңыз да оны шөткемен, жазатын қалақшамен немесе ұырғышпен үлестіріңіз;

Сосын тікенекті білікше көмегімен қоспадан бүкіл ауаны кетіріңіз. Егер құрамды бөлшектеп араластырсаңыз, дайын қоспаны ылғалды түрінде ылғалды бетке бірден жағыңыз.