CT 17 астарын жағар алдында негіздің көтеруші қабілеттігін және беріктігін тексеріңіз. Бетті тазартыңыз да шаңды кетіріңіз. СТ 17 қолдануға дайын, және оны қылқаламмен немесе білікшемен жағуға болады.
Ceresit CT 17 Концентрат
Түйінді фактілер
Ішкі және сыртқы жұмыстарға арналған су-дисперсиялық терең енетін астар
Қасиеттері
- шығыны – 600 м2 дейін
- негіздің бетін нығайтады;
- негізге жабысқақтықты арттырады;
- негіздің сіңіргіш қабілетін төмендетеді;
- жоғары ену қабілеті бар;
- негіздің бу өткізгіштігін төмендетпейді;
- жылытуы бар тұтастырғыштарда қолданыла алады;
- сыртқы және ішкі жұмыстарға жарамды;
- құрамында еріткіштер жоқ;
Сипаттамасы
CT 17 Концентрат жоғары ену қабілеті бар, беттік беріктікті арттырады, негіздің сіңіру қабілетін төмендетеді, қалдық шаңды байластырады, жұқа қабатта ерітінді қоспаларының кеуіп кетуін болдырмайды, материалдардың негізге жабысқақтығын арттырады, нивелирленетін қоспалардың жайылғыштығын арттырады және тегістегіш қабатта ауа көпіршіктерінің пайда болуын алдын алады.