Ceresit СХ15 монтаж қоспасы

Түйінді фактілер

20-дан 50 мм дейінгі саңылауларды толтыруға арналған жоғары берікті монтаж қоспасы

Қасиеттері

  • Шөгусіз, төмен кернеулерді құрайды
  • Жоғары аққыштығы
  • Құрамында хлоридтер және сазтопырақ цементі жоқ
  • Аязға және мұздануға қарсы тұзға төзімділік
  • Жылдам қатаю
  • Қажетті көлемі: шамамен толтырылатын қуыс көлемінің 1,8 кг/л

Сипаттамасы

Құрама элементтер арасында және құрама элементтер және бетон арасындағы жапсарларды толтыру үшін. Бетондағы тесіктерімен шұңқырларды толтыру үшін. Қуыссыз тіркеуді, мысалы бекітпе бұрандамаларын қамтамасыз ету мақсатында кірпіш қалауын нығайту үшін. Көпір мойынтіректерін, кран рельстерін және машинаның ауыр жабдықтардың тіреулерін тығыздау үшін.

 Бетондағы болат арматураны сүртіп тегістеу үшін. Толтыру тереңдігі немесе 50-ден 100 мм дейін енінде ерітіндіге 4-тен 8 мм дейін фракцияларды 25% қиыршық тасты қосады.

Сынақтау сертификаты №. 211267491-02, MPA, NRW / Германия

Құжаттар мен жүктеулер

Қадамдық нұсқаулық

Негізді дайындау

СХ 15 қатты, көтергіш, таза және жабысулықты төмендететін заттарсыз ылғалды бетондарға жабыады. Бетінің кеуектері ашық, бұдырлы және құрылымы жақсы болуға тиіс. Ластануларды механикалық түрде кетіріңіз. Бетонды жақсылап алдын ала жуып шығыңыз, бірақ шалшықтарды болдырмаңыз, екі сағат аралығымен екі кезеңге бөліңіз.

Қолдану

25 кг СХ 15 шамамен 2л таза суға қосыңыз және миксермен немесе саптамасы бар электр бұрғымен түйірлердің толығымен жоқ болғанша араластырыңыз. Сосын қажетті консистенция алу үшін қалған суды қосыңыз және тағы 5 минут араластырыңыз.  Ерітіндіні 60 минут ішінде жұмсау қажет. Қуыстарсыз бекітуді қамтамасыз ету үшін әр бекіту нүктесінде немесе цементтеуге жататын қуыста 20 мм минималдық саңылау қалдырыңыз. Жаңадан дайындалған ерітіндіні тым жылдам кебуінен жабыңыз және оның ылғалдылығын кем дегенде 48 сағат сақтаңыз.

Ілеспе бұйымдар / жүйелер