CM 16 «Flexible» иілгіш желімдеуіш ерітіндісі

Түйінді фактілер

Қыш тақташаны және жабындарды сыни негіздерге төсеуге арналған иілгіш  жұқа қабатты желімдегіш ерітінді.

Қасиеттері

  • Балкондарда, патиоларда және үй-жайлардың ішіндегі және сыртындағы үнемі ылғалды учаскелерінде (тұрмыстық және қоғамдық аймақтары) оңай қолданылады
  • Оңай деформацияланатын және күрделі негіздерге арналған (әсіресе тақташа тақташаға немесе OSB-ге)
  • Еден үстіндегі жылытудың әсеріне төзімді
  • Фаянс, фарфор және табиғи тас тақташаны және оқшаулағыш тақталар үшін ұсынылады

Сипаттамасы

СМ 16 иілгіш желімтек қабатты қамтамасыз етеді және сыни төсемдердегі қысымды теңетеді, сондықтан ол жылытуы бар тұтыстырғыштарда, балкондарда, патио мен қасбеттерде, әсіресе жаңа құрамалы темірбетон элементтерінде (орнату сәтінен кемінде 3 ай өткен) пайдалану үшін жарайды.

Құжаттар мен жүктеулер

Қадамдық нұсқаулық

Негізді дайындау

CM 16 құрамында жабысулықты нашарлата алатын заттар жоқ кез келген таза, берік, жүк көтеретін, біркелкі, құрғақ және ылғалды негіздерге жағылады. Тегіс емес учаскелерді немесе қуыстарды алдын ала тегістеу қажет (Еденге және ішкі әрлеуге арналған Ceresit фиништік қоспалары қараңыз). Жүк көтеретін қабілеті жеткіліксіз жабындарды жою қажет. Гипс/ангидрид немесе лак бояу жабындары (борсыз, жабысулығы жақсы) механикалық өңделген және шаңнан тазартылған болуға тиіс.
CM 16 желімін жағар алдында түптөсемнің қалдық ылғалдылығын тексеріңіз! Адсорбциялайтын негіздерді Ceresit астарымен астарлау қажет.
Өтінеміз, техникалық төлқұжатпен танысыңыз!

Араластыру

Қаптаманың ішіндегісін таза суық судың өлшенген көлеміне салыңыз да араластырғыш бұрғымен түйірсіз біртекті қоспа шыққанша араластырыңыз. 5 минут күтіңіз (пісу уақыты), ал сосын қайтадан араластырыңыз. Қажет болған кезде қалайтын консистеніцияға жеткенге дейін суды ақырын қосып отырыңыз.

Қолдану

Ерітіндіні тақташаның мөлшеріне қарай тиісті тісті қалақшамен жағуға тиіс. Үй жайлардың ішінде пайдалану үшін тақташаның артқы жағындағы ерітіндімен жабылған жер (байланыс ауданы) кемінде 65% құруға тиіс. Сыртқы пайдалану үшін 90% минималдық жабу деңгейі талап етіледі (біріктірілген төсеу әдісін пайдалану қажет, сонымен қатар тақташаның кері жағына ерітіндінің жұқа қабатын жағу қажет). Жаңа дайындалған ерітіндінің артығын сумен жоюға болады; қатқан ерітіндіні тек механикалық тұһүрінде кетіруге болады. CM 16 тек ылғалдық жоқ болған кезде және + 5 ° C тан + 30 ° C дейінгі температурада пайдаланыңыз.