CM 11 PLUS «Comfort Gres» қыш тақташаға арналған ерітіндісі

Түйінді фактілер

Қабырғаларға дәл жағуға арналған беріктігі көтеріңкі жұқа қабатты ерітінді

Қасиеттері

  • Үй-жайлардың ішінде, оның ішінде ылғалды үй-жайларда қолдану үшін, кейбір жағдайларда ашық ауда қолдануы мүмкін (тұрмыстық аймақтар)
  • Деформацияланбайтын негіздерде
  • Оңай араластыру және жағу
  • Гидрооқшауланған беттерде қолдануға арналған
  • Қыш тақташаларға және жұқа керамикаға арналған

Сипаттамасы

Ceresit CM 11 PLUS желімдегіш ерітіндісі керамогранитті және басқа қыш, цемент және табиғи тастарды (түрлі түсті) үй-жайда және ашық ауада төсеу үшін арналған. Арнайы толтырғыштар комбинациясы арқасында CM 11 PLUS жаңа ерітіндісі қолдануда оңай, және жұмысты жылдамдатуға көмектеседі.

Құжаттар мен жүктеулер

Қадамдық нұсқаулық

Негізді дайындау

CM 11 PLUS құрамында жабысулықты нашарлата алатын заттар жоқ кез келген таза, берік, жүк көтеретін, біркелкі, құрғақ және ылғалды негіздерге жағылады. Тегіс емес учаскелерді немесе қуыстарды алдын ала тегістеу қажет (Еденге және ішкі әрлеуге арналған Ceresit фиништік қоспалары қараңыз). Жүк көтеретін қабілеті жеткіліксіз жабындарды жою қажет. Гипс/ангидрид немесе лак бояу жабындары (борсыз, жабысулығы жақсы) механикалық өңделген және шаңнан тазартылған болуға тиіс.
CM 11 PLUS желімін жағар алдында түптөсемнің қалдық ылғалдылығын тексеріңіз! Адсорбциялайтын негіздерді Ceresit астарымен астарлау қажет.
Өтінеміз, Техникалық төлқұжатпен танысыңыз!

Араластыру

Қаптаманың ішіндегісін таза суық судың өлшенген көлеміне салыңыз да араластырғыш бұрғымен түйірсіз біртекті қоспа шыққанша араластырыңыз. 5 минут күтіңіз (пісу уақыты), ал сосын қайтадан араластырыңыз. Қажет болған кезде қалайтын консистеніцияға жеткенге дейін суды ақырын қосып отырыңыз.

Қолдану

  

Ерітіндіні тақташаның мөлшеріне қарай тиісті тісті қалақшамен жағуға тиіс. Үй жайлардың ішінде пайдалану үшін тақташаның артқы жағындағы ерітіндімен жабылған жер (байланыс ауданы) кемінде 65% құруға тиіс. Сыртқы пайдалану үшін 90% минималдық жабу деңгейі талап етіледі (біріктірілген төсеу әдісін пайдалану қажет, сонымен қатар тақташаның кері жағына ерітіндінің жұқа қабатын жағу қажет). Жаңа дайындалған ерітіндінің артығын сумен жоюға болады; қатқан ерітіндіні тек механикалық тұһүрінде кетіруге болады. CM 11 PLUS тек құрғақ жағдайларда және + 5 ° C тан + 30 ° C дейінгі температурада пайдаланыңыз.