CM 9 «Standard» Тақташаға арналған желім

Түйінді фактілер

Ішкі және сыртқы жұмыстар кезінде керамикалық тақташаны бекітуге арналған желім

Қасиеттері

  • суға төзімді;
  • тақташаның сырғып түсуіне төзімді;
  • ішкі және сыртқы жұмыстарға жарайды;
  • экологиялық қауіпсіз.

Сипаттамасы

Үй-жайда артқы беті кескінделген қыш тақташаны және жабындарды төсеуге арналған цемент негізіндегі классикалық желім. Үнемі ылғалды болатын учаскелерде жабысу беріктігі жоғары иілгіш жабысқақ қабатты шығару үшін СС 83 қосыңыз.

Құжаттар мен жүктеулер

Қадамдық нұсқаулық

Негізді дайындау

CM 9 кез келген құрамында жабысулықты нашарлата алатын заттар жоқ таза, берік, жүк көтеретін, біркелкі, құрғақ және ылғалды негіздерде қолданылады. Тегіс емес учаскелерді немесе қуыстарды алдын ала тегістеу қажет (Еденге және ішкі әрлеуге арналған Ceresit фиништік қоспалары қараңыз). Жүк көтеретін қабілеті жеткіліксіз жабындарды жою қажет. Гипс/ангидрид немесе лак бояу жабындары (борсыз, жабысулығы жақсы) механикалық өңделген және шаңнан тазартылған болуға тиіс.

CM 9 желімін жағар алдында түптөсемнің қалдық ылғалдылығын тексеріңіз! Адсорбциялайтын негіздерді Ceresit астарымен астарлау қажет. Өтінеміз, Техникалық төлқұжатпен танысыңыз!

Араластыру

Қаптаманың ішіндегісін таза суық судың өлшенген көлеміне салыңыз да араластырғыш бұрғымен түйірсіз біртекті қоспа шыққанша араластырыңыз. 5 минут күтіңіз (пісу уақыты), ал сосын қайтадан араластырыңыз. Қажет болған кезде қалайтын консистенцияға жеткенге дейін суды ақырын қосып отырыңыз.

Қолдану

Ерітіндіні тақташаның мөлшеріне қарай тиісті тісті қалақшамен жағуға тиіс. Үй-жайлардың ішінде пайдалану үшін тақташаның артқы жағындағы ерітіндімен жабылған жер (байланыс ауданы) кемінде 65% құруға тиіс. Сыртқы пайдалану үшін 90% минималдық жабу деңгейі талап етіледі (біріктірілген төсеу әдісін пайдалану қажет, сонымен қатар тақташаның кері жағына ерітіндінің жұқа қабатын жағу қажет). Жаңа дайындалған ерітіндінің артығын сумен жоюға болады; қатқан ерітіндіні тек механикалық тұһүрінде кетіруге болады.
CM 9 тек ылғалдық жоқ болған кезде және + 5 ° C-тан + 30 ° C дейінгі температурада пайдаланыңыз..