Неге жылыту керек

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯҒА ШЫҒЫНДАРДЫ ҚЫСҚАРТЫҢЫЗ

Қыста жылытуға және жазда ауаны кондициялауға азырақ электр энергиясын пайдаланып ақшаны үнемдеңіз. Жылытылмаған үйлерде жалпы жылудан 40% дейін қабырғалар арқылы жоғалады. Сізге жылытуды және кондициялауды үнемдеуге мүмкіндік беріп, жылу оқшаулау жүйесі осы ысыраптың төмендеуін қамтамасыз етеді.

ЖАЙЛЫ МИКРОКЛИМАТТА ӨМІР СҮРІҢІЗ

Ceresit қасбеттік жүйелері үйлерде микроклиматты жақсарту және жайлылықты арттыру мәселесін шешу үшін арнайы әзірленген. Осы міндеттердің сыртқы жылуоқшаулауға балама шешімдер әлі де жоқ. Температура және ылғалдылық Сіздің үйіңізде әрқашан жайлы және оңтайлы болып қалады.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАҢЫЗ

Жылытылмаған ғимараттарды жылыту атмосфераға көміртегі оксидінің 35% дейін шығарудың себебі болып табылады. Жылытуды пайдалануды қысқарту қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Ceresit барлық материалдары экология тұрғысынан қауіпсіз.

БІРЕГЕЙ СӘНДІК МҮМКІНДІКТЕР

Фактуралардың кең таңдауы және түстердің бай палитрасы арқасында қасбет қайталанбас көрінісіне ие болады. Үйлесімді таңдалған тіркестері бар Ceresit Colour System колерлеу жүйесінің құрамында 211 негізгі реңк бар. Басқа жылыту тәсілдеріне қарағанда, сылақ жүйесі кез келген сәулеттік ниеттерді іске асыруға көмектеседі, өйткені қабырғаның жазықтығынан 90 см дейін шығыңқыларды жасауға мүмкіндік береді. Үйдің қасбетінде бағаналар, пилястрлар және ернеулер пайда болу мүмкін.

ТӨЗІМДІЛІК КЕПІЛДІГІ

Дұрыс жылыту салмақ түсетін конструкцияның температуралар ауытқуы әсерінен, ылғалданудан, зиянды заттардың жеміру әсерінен, атмосфералық жауын-шашыннан қорғауын қамтамасыз етеді. Ceresit сылақтық жылыту жүйелері сынау барысында оларды техникалық сипаттамалар нашарлауысыз және жөндеу қажеттілігісіз пайдалану мерзімі  30 жылдан астам құрайды. Олар 75-тен көп мұздату-еру циклына шыдайды.

 

ТӨМЕН МАТЕРИАЛ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ

Ceresit жүйелері минималдық материал сыйымдылығымен ерекшеленеді - сыртқы қабырғалардың жоғары жылу қорғау қасиеттері жұқа және жеңіл конструкцияны пайдалану кезінде жеткізіледі. 14-тен 35 кг/м2 дейінгі материал сыйымдылығы қабырғалары кірпіштен жасалған дәстүрлі шешімдерден 7 есе жеңіл және 3 есе жұқа үйлерді салуға мүмкіндік береді. Егер жылыту үйдің жобасына кірмеген болса, онда сылақ қасбеттің орынды болады, өйткені салмағы аз болғанынан кез келген қасбет үшін жарайды.

Әрі қарай нақтылау үшін біздің сыртқы құзырет орталықтарына (СҚО) хабарласыңыз, мұнда Сізге Сіздің үйіңізге келетін жылыту жүйесін таңдауға көмектеседі, толық есеп жасайды, жүйені толық толымдайды (оның ішінде жылытқыш пен қосымша материалдармен) және оны монтаждау үшін сенімді және білікті бригаданы ұсынады.

ҚАСБЕТТІК ЖҮЙЕЛЕР - БҰЛ ТЕК СӘУЛЕТТІК ЭЛЕМЕНТ ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР ТИІМДІ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУДІҢ МАҢЫЗДЫ КРИТЕРИЙІ.

ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР:

  • Қабырғалардың, жабынның, аражабындардың конструктивтік шешімі;
  • Ойықтарды толтыру;
  • Желдету жүйесінің механизмі;
  • Ғимаратты жылыту механизмі;
  • Төрт жақ бойынша бағдарлану және ғимараттың орналасуы;
  • Ғимараттың нысаны.

Коттедж жылуды бірінші кезекте қабырғалар арқылы жоғалтады. Жылыту есебінен сыртқы термиялық кедергісі 5 есе өседі және жоғалатын жылудың көлемі 5 есе қысқарады.

Бұл қарапайым формула бойынша есептеледі Qсағ=ΔT/R:

ЖЫЛЫТУҒА ДЕЙІН:

2 Qсағ = (21+6)/0,6 = 45 Вт/м2

 

ЖЫЛЫТҚАННАН КЕЙІН:

2 Qсағ = (21+6)/3,34 = 8 Вт/м2

 

ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ҮНЕМДЕУ:

Qжыл = Q сағатына x 24 сағат Х жылыту маусымы күндерінің саны

2 Qжыл = (45-8)*24*227 = 201576 Вт/м2 немесе 201 кВт/м2

Qсағ — жылу ағынының тығыздығы

T — ғимараттың ішіндегі және сыртындағы температуралардың айырмашылығы

R — сыртық ғимараттың термиялық кедергісі

Әрі қарай нақтылау үшін біздің сыртқы құзырет орталықтарына (СҚО) хабарласыңыз, мұнда Сізге Сіздің үйіңізге келетін жылыту жүйесін таңдауға көмектеседі, толық есеп жасайды, жүйені толық толымдайды (оның ішінде жылытқыш пен қосымша материалдармен) және оны монтаждау үшін сенімді және білікті бригаданы ұсынады.

Сылақтан орындалған әрлеу қабаты бар қасбеттерді жылыту композитті жүйенің конструктивтік шешімнің басқа нұсқалары алдындағы артықшылықтары:

Сылақтан орындалған әрлеу қабаты бар қасбеттерді жылыту композитті жүйенің сыртқы жылу оқшаулаудың басқа нұсқалары алдындағы артықшылықтары:

 

  • Сайдингпен жылытуға қарағанда Ceresit сылақ жүйелері қабырғалардың бетінде шық нүктесінің және, соның салдарынан, зеңнің пайда болуынан аулақ болуға мүмкіндік береді.
  • Ceresit жүйелері клинкер кірпішпен немесе табиғи әрлеу тасына қарағанда айтарлықтай арзан әрі жеңіл болады, ал Ceresit Visage материалдарының жаңа желісі табиғи жабындарға ұқсатуға мүмкіндік береді.
  • Ceresit жылыту жүйелері пайдалануы тым жуан қабырғаларды талап ететін қарапайым сылақтан әлдеқайда сапалы, және бұл шығындарға әсер етеді.

Әрі қарай нақтылау үшін біздің сыртқы құзырет орталықтарына (СҚО) хабарласыңыз, мұнда Сізге Сіздің үйіңізге келетін жылыту жүйесін таңдауға көмектеседі, толық есеп жасайды, жүйені толық толымдайды (оның ішінде жылытқыш пен қосымша материалдармен) және оны монтаждау үшін сенімді және білікті бригаданы ұсынады.

Қасбеттерді сыртқы жылу оқшаулауын монтаждау кезінде жұмыстарды жүргізудің негізгі кезеңдері:

1.  НЕГІЗДІ ДАЙЫНДАУ

Қоршайтын конструкциялардың бетін жылу оқшаулауды құру бойынша жұмыстарды орындауға дайындауға мыналар кіреді:

  • қабырғалардың беті түрлі ластанулардан және жабысқақтықты төмендететін заттардан: майлардан, битумдық мастикалардан, лак-бояу жабындарынан тазартылады;
  • шашылатын және осал учаскелерді жою қажет. Қалау тігістерінен шығып тұратын ерітіндіні шапқының, қашаудың және балғаның көмегімен жояды, бұл ретте тегіс шығыңқылары жоқ бетті қамтамасыз етеді;

Мүк, балдыр басып кеткен немесе саңырауқұлақпен зақымдалған бет учаскелерін болат шөткелермен тазартып, содан кейін Ceresit СТ 99 саңырауқұлаққа қарсы астарымен өңдеу керек.

2. АСТАРЛАУ

Қатты сіңіретін негіздерді (газ-силикат блоктар, силикат кірпіштер, кеуек бетоннан жасалған блоктар) алдын ала Ceresit СТ 17 ПРОФИ немесе Ceresit CT 7 терең енетін астарларымен молынан астарланады.

Астар қылқаламмен немесе шөткемен жағылады. Негіздің ортасы жағдайларына және құрылымына байланысты  құрам 4 сағаттан кейін кебеді.

3. ТЕГІСТЕУ

Негіздің тереңдігі 10 мм дейін ойықтарды және биіктігі 3 мм дейін шығыңқыларды түзетпейді, қабырғалардың 10 мм астам кедір-бұдарларын Ceresit CT 17 ПРОФИ сылағымен астарлайды және жылытқышты бекіткенге дейін кем дегенде екі тәулік қалғанда Ceresit CT 29 полимерминералдық бітеуішімен әрқайсысы 20 мм аспайтын қабаттармен тегістейді.

4. ЖЫЛУОҚШАУЛАҒЫШ ТАҚТАЛАРДЫ ЖЕЛІМДЕУ

Жылу оқшаулағыш тақталарды желімдеуді ғимарат қабырғасының астынан бастап жоғары жылжу керек.

Жылу оқшаулағыш тақталарды желімдеу бойынша жұмыстарды құрғақ жағдайларда, ауа мен негіздің температурасы +5 °С-тан +30 °С-қа дейін болғанда орындау керек.

Минералмақтадан жасалған тақталарды желімдеу үшін Ceresit CT 180, көбікполистиролдан жасалған тақталарды желімдеу үшін -Ceresit CT 83, Ceresit CT 84, немесе Ceresit CT 180 қолдану керек. Қабырға бетінің кедір-бұдырлығына байланысты желімдеуіш қоспаны тақтаға жағудың келесі тәсілдері қолданылады:

маяктік - кедір-бұдырлары 15 мм дейін бет үшін. Желімдеуіш қоспа жылу оқшаулағыш тақтаның бетіне бұрышпен иілген (шамамен 45 °С) қалақшаның көмегімен, ені 60 мм және биіктігі 20 мм тақташаның бүкіл периметрі бойынша жиегінен 20 мм қашықтықта және диаметрі шамамен 100 мм, биіктігі 20 мм 5-8 дана есебінен маяктар түрінде ортасындағы жаолақтар түрінде жағылады;

жолақтық - кедір-бұдырлары 5 мм дейін бет үшін. Ерітінді қоспасы тақтаның бетьіне тақтаның бүкіл периметрі бойынша шетінен шамамен 20 мм қашықтықта ені шамамен 60 мм жолақтар түрінде, содан кейін - ортасынан жағылады. Перимтер бойынша жолақтардың үзілімдер болуға тиіс, тақталарды желімдеген кезде ауа тығындар пайда болмау үшін.

5. АРМАТУРАЛАҒЫШ ҚАБАТТЫ ҚҰРУ

Арматураланған қабатты құру бойынша жұмыстарды орындауға дюбель-шегелермен жылытқыштың қосымша бекіткіштін орнатудан кейін (егер бұл жоба бойынша талап етілсе) және жылуоқшаулағыш тақталарды желімдегеннен кейін 72 сағаттан ерте емес кірісуге болады.

Арматураланған қабатты құру үшін Ceresit CT 190 желімдеуіш қоспасы қолданылады.

Арматураланған қабатты құру бойынша жұмыстарды ені арматураланған тордың еніне тең учаскелермен, қабырғаның үстінен бастап, жоғарыдан төмен қарай жүргізу керек. Дайындалған ерітінді қоспасы тақталардың бетіне болат үккіштің көмегімен қалыңдығы 2-3 мм қабатпен жағылады. Жаңа ерітінді қоспаға шышы тор батырылады.

6. АСТАРЛАУ

Негізді астарлау үшін Ceresit CT 16 астарлағыш бояуы пайдаланылады. Астарлау жалпақ қылқаламмен арматуралағыш қабатты жаққаннан кейін кем дегенде 3 тәулік өткенде орындалады.

7. СӘНДІК-ҚОРҒАУШЫ ҚАБАТТЫ ҚҰРУ

Сәндік сылақтарды құруға Ceresit CT 16 астарлауыш бояуын жаққаннан кейін кем дегенде 3 сағат өткенде кіріседі. «Қабық құрты» фактуралы Ceresit CT 35 және «ұсақ тас» фактуралы Ceresit СТ 137 сәндік сылақтары негізге бір түйір қалыңдығымен бетке бұрышпен ұсталатын болат үккіштің көмегімен жағылады.

Сылақты жаққаннан кейін, оның бастапқы қатаю сәтінде, масса құрал-сайманға жабыспағанда, пластмасс үккіштің көмегімен біртекті фактураны беру қажет. Бұл ретте үккішті өңделетін бетке параллель, оған сәл қысып тұрып ұстау керек. Сылаққа су себуге жол берілмейді.
Ceresit СТ 36 сәндік сылағы негізге болат үккіштің көмегімен жағылады. Жағылатын қабаттын қалыңдығы фактураға байланысты. Жағылғаннан кейін сылақ фактураланады. Фактураны келтіру үшін венециялық үккіш, кеуекті білікше, кельма, қылқалам немесе кез келген басқа құрал пайдаланылады.

8. СЫРЛАУ

Сәндік сылақтар Ceresit СТ 42 қасбеттік акрил бояуымен сырланады.

Ceresit СТ 42 колерлеуге арналған база түрінде ақ түсті болып шығарылады, және бояу басқа Ceresit колерлеу жүйелерімен колерлену мүмкін (барлығы 2000 астам түс). СТ 42 бояуымен сырланған қасбеттер кішкене қысымдағы сумен жуылу мүмкін.