Ванна бөлмелері және ас үйлер

Заманауи ванна бөлмелерін, душ кабиналарын, кір жуатын бөлмелерді немесе ас үйлерді дизайны таңғарарлық және тамаша бетті өндеу технологиясымен қыш тақташасыз елестету қиынға соқтырады. Қыш тақташа химиялық заттардың әсеріне және қажалуға шалдыққан ылғалдылығы жоғары үй-жайларда жиі пайдаланылады. Тақташа едендер және қабырғалар эстетиканы және ұзақ қызмет мерзімін қамтамасыз етеді деп күтілуде. Сондықтан гидрооқшаулау, жиек қосылыстары, ерітіндіні және желімді дұры стаңдау сияқты дүниелерді жоспарлау маңзды фактор болып табылады.

1-қадам: Негізді дайындау

Кейінен наразылықтарды болдырмау үшін және ұзақ мерзімді нәтижеге кепілдік беру үшін негіздерді тесеру және дайындаудың мағынасы шешуші болады. Негізінде, бет келесі шарттарға сәйкес болуға тиіс: оның көтеруші қабілеттігі жеткілікті болу керек, ол құрғақ, тегіс және шаңнан тазартылған болу керек. Жұмыстар басталар алдында (ылғалдылық жағдайларын өлшеу, негіздің күйін тексеру, астарлау) қажет болатын барлық кезеңдер туралы толық ақпарат алу үшін, "Дайындау" Бөлімін қараңыз.

2-қадам: Гидрооқшаулау

Тақташамен толық жабылған қабырға немесе еден ауданы су өткізбейтін болып табылады деп болжау дұрыс емес болар едіә. Қосылыстар ылғалға және суға негізге енуге мүмкіндік береді, бұл ұзақ мерзімді ақауларға келтіреді. Кейбір беттер сумен байланысқа тікелей шалдығады; бұл душ кабиналардың қабырғалары және едендері, сонымен қатар ванналар және қол жуғыштар аймақтары. Осы учаскелерді тақташа астына арнайы оқшаулайтын қабаттармен қорғау қажет. Алдымен бетті мұқият оқшаулаңыз, сосын тақташаны төсеңіз - бұл ылғалдың әсеріне шалдыққан беттерге қолданылатын негізгі қағида. Тақташа астына Cerecit оқшаулау жүйесі қолдануда тиімді, қарапайым жне ыңғайлы.

3-қадам: Тақташаға арналған желім және бітеуіш

Қолайлы желімді таңдау негіздің сипатына (мысалы, едендерді жылыту) және көбінесе пайдаланылатын тақташаға байланысты: қыш, фарфор, табиғи тас немесе шыны мозаика. Ceresit  заманауи ванна бөлмесіне немесе асүйге соңғы реңк беру үшін, тақташаға арналған тиісті желімді және бітеуіш ерітінділерінің кең сұрыпталымын ұсынады.

4-қадам: Бітеу

Аараластырғаннан кейін реакциялық шайырды қалақшамен тікелей ыдыстан алып жағады. Қабырғаларда және едендерде қолданған кезде бітеуіш қатты резеңке бояу үккішпен жағылады. Үккіштің көмегімен ерітіндіні жапсарларға оларды қуыссыз және тақташа деңгейімен бірдей толтырғанға дейін батырыңыз. Осыдан кейін артық ерітіндіні тақташа бетінен үккіштің шетімен 90° бұрышпен жояды. Ерітіндіні толтырылған жапсарлардан шығармай оны беттен көбірек алу үшін үккішті қиғашынан жүргізіңіз.

Осында ванна бөлмесінде тақтайшаны қалай төсейтінін өзің үшін аш.

Брошюралар

Мұнда сіз Ceresit өнімдері және жүйелері туралы ақпарат табасыз